Утилита прямой печати бағдарламасын пайдалану (тек Windows)

Утилита прямой печати деген не?

Утилита прямой печати – PDF файлдарды ашу қажеттігінсіз тікелей машинаға басып шығаруға жіберетін бағдарлама.

Бұл бағдарламаны орнату үшін Расширенная установка > Выборочная установка тармағын таңдаңыз және принтер драйверін орнатқанда, осы бағдарламаның құсбелгісін қойыңыз.

[Caution]
  • Осы бағдарламаны пайдаланып файлдарды басып шығару үшін құрылғыда сақтау құрылғысы (HDD) орнатылған болуы керек.

  • Шектелген PDF файлдарды басып шығара алмайсыз. Басып шығаруды шектеу мүмкіндігін белсенсіздендіріңіз және басып шығару әрекетін қайталаңыз.

  • Құпия сөзбен шектелген PDF файлдарды басып шығара алмайсыз. Құпия сөз мүмкіндігін белсенсіздендіріңіз және басып шығару әрекетін қайталаңыз.

  • Утилита прямой печати бағдарламасын пайдаланып PDF файлды басып шығаруға болатын-болмайтыны PDF файлды жасау әдісіне байланысты.

  • Утилита прямой печати бағдарламасы PDF 1.7 және одан төмен нұсқасын қолдайды. Жоғарырақ нұсқаларда басып шығару үшін файлды ашу керек.

Басып шығару

Утилита прямой печати. бағдарламасын пайдаланып басып шығарудың бірнеше жолы бар.

  1. Бастау мәзірінде Бағдарламалар немесе Барлық бағдарламаларда > Samsung Printers > Утилита прямой печати > Утилита прямой печати тармағын таңдаңыз.

    Утилита прямой печати терезесі шығады.

  2. Выберите принтер ашылмалы тізімінде машинаны таңдаңыз және Обзор түймешігін басыңыз.

  3. Басып шығару керек файлды таңдап, Открыть түймешігін басыңыз.

    Файл Выбор файлов бөліміне қосылады.

  4. Машина параметрлерін қажеттіліктеріңізге теңшеңіз.

  5. Печать түймесін басыңыз. Таңдалған PDF файл машинаға жіберіледі.

Оң жақ түймешікті нұқу мәзірін пайдалану

  1. Басып шығару керек PDF файлды оң жақ түймешікпен нұқыңыз және Прямая печать пәрменін таңдаңыз.

    PDF файлы қосылған Утилита прямой печати терезесі шығады.

  2. Пайдаланатын машинаны таңдаңыз.

  3. Машина параметрлерін теңшеңіз.

  4. Печать түймесін басыңыз. Таңдалған PDF файл машинаға жіберіледі.